Қыдырәлі ОмаровҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1966), озат шахтер. 1922 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.

Еңбек жолдары 1942-1949 жылдары Совет Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1946 жылдан КОКП мүшесі. 1952 жылдан Қарағанды көмір бассейнінде бригадир болып істеген. 1957 және 1961 жылы ол басқарған бригада көмір өндіру жөнінен дүниежүзілік рекорд жасаған. 1961-1971 жылдары Қазақстан КП ОК-інің мүшесі. 7-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болған.

Наградалары Ленин ордені 1-3 дәрежелі "Шахтер даңқы" белгісі Социалистік Еңбек Ері (1966) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері