Иван Федорович СазоновҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1976), комбайншы. 13 сәуір 1938 жылы Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы), Келлер ауданы, Драгомировка аулында туған.

Еңбек жолдары 1960 жылдан Келлер ауданы "Коммунизм жолы" колхозында комбайншы болып жұмыс істейді. 1972 жылдан КОКП мүшесі. 1976 жылдың егінін жинауда ол басқарған комбайншылар звеносы 7073 т астық бастырып, міндеттемелерін асыра орындаған.

Жетістігі Ауыл шаруашылығының озаты. 9-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері (1976) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері