Молодёжное — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Ақкөл ауылдық округі құрамындағы ауыл. Негізі 1954 жылы қаланған.

Географиялық орны Аудан орталығы – Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей, облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен860806 584 72,5 402 289 71,9 404 295 73

Орта мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, дүкендер, наубайхана жұмыс істейді. Ауылда 2 ЖШС, 3 ұжымшарлық шаруашылық, бірнеше шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. Елді-мекеннен 12 шақырым жерде Астана – Көкшетау автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы елді мекендері