Марио Гётце (, 3 маусым 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/74842, Мемминген, Германия) — неміс футболшысы, шабуылшы. 2014 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Клубтық 2008 жылы карьерасын "Боруссияда" (Дортмунд) бастады. Сол жылы 21 қарашада Германия Бундеслигасында тұңғыш рет алаңға шықты. Ол ойын "Майнц 05" клубына қарсы өтті де, ойынға тыңнан 88-минутта қосылды. Келесі ойынын тек 17 қаңтарда ғана "Кельнге" қарсы өткізді.
2010/11 жылғы маусым барысында негізгі құрамға толық орнықты.
2013 жылы жазда "Бавариямен" келісім шарт жасасты. Трансфер құны 37 млн еуроны құрады. 24 тамыз күні тұңғыш ойынын "Нюрнбергке" қарсы өткізді. "Бавария" сапындағы тұңғыш жүлдесін сол айда ұтып алып, УЕФА Суперкубогы иесі атанды. "Челсимен" ойында 71-минутта Томас Мюллердің орнына алаңға шықты. Қатарынан үш маусым Германия чемпиондығына қол жеткізді.
2016 жылы шілдеде "Боруссияға" қайта оралды. Тұңғыш ойынын 2-ші турда "РБ Лейпцигке" қарсы өткізді.
Ұлттық құрама Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2010 жылы өткізді.
2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2014 жылы Әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты, бірін топтық кезеңде Гана қақпасына, екіншісін финалда Аргентинаға енгізді. Соңғы голы финалдық ойынның тағдырын шешті де, Гетце турнир қаһарманы атанды.
"Боруссия" сапындағы көрсеткіштері нашарлап кетті де, 2018 жылғы әлем чемпионатына бармады.
Жетістіктері
Командалық
«Боруссия (Дортмунд)»
Германия чемпионы (2): 2010/11, 2011/2012 Германия кубогы (2): 2011/2012, 2016/2017 Германия суперкубогы: 2019
«Бавария»
Германия чемпионы (3): 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016 Германия кубогы (2): 2013/2014, 2015/2016 УЕФА суперкубогы (1): 2013 Клубтар әлем чемпионаты (1): 2013
Халықаралық
«Германия»
Әлем чемпионы (U-17): 2009 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012, 2016 Әлем чемпионы: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Германия футболшыларыСанат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары