Максимовка — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Максимов ауылдық округі орталығы. Іргесі 1883 жылы қаланған.

Географиялық орны Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен12681072 1001 93,4 498 471 94,6 574 530 92,3

Инфрақұрылымы Орта мектеп, балабақша, балалар музыкалық мектебінің филиалы, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, қарттар үйі, пошта байланысы бөлімшесі, жекеменшік дүкендер желісі, наубайхана, асхана, монша бар. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Максимовка арқылы Атбасар–Көкшетау автомобиль жолы өтеді. Жақын темір жол станциясы — Атбасар (76 км).

Дереккөздер

Санат:Сандықтау ауданы елді мекендері