right|thumb|Футбол добы
Футбол добы — футбол ойынында қолданылатын және параметрлері Футбол ережелерінің 2 Ережесі бойынша регламенттелетін сфера пішінді бұйым.
Сапасы мен параметрлері сфера пішіндес болады; теріден жасалады, қазіргі уақытта тек синтетикадан немесе басқа да жарамды материалдардан өңдіріледі; шеңбер ұзындығы 70 сантиметрден (28 дюйм) аспайды және 68 сантиметрден (27 дюйм) кем болмайды. Доптың стандартты өлшемі 5 () болып келеді; ойынның басталу сәтінде 450 граммнан (16 унция) ауыр және 410 граммнан (14 унция) жеңіл болмайды; теңіз деңгейінде 0,6—1,1 атмосфераға (600—1100 г/см2) тең қысымға ие болады.
Өлшемдері Футбол доптарының 5 стандартты өлшемі бар. 1 Өлшем Шеңбер ұзындығы 43 сантиметрден аспайды. Көбінесе жарнама мақсатында қолданылады. 2 Өлшем Максималды шеңбер ұзындығы 56 сантиметрден, ал массасы 283,5 граммнан аспайды. Көбінесе жарнама мақсатында және төрт жасқа дейінге балаларды үйретуге қолданылады. 3 Өлшем Максималды шеңбер ұзындығы 61 сантиметрден, ал массасы 340 граммнан аспайды. Бұндай өлшемді доптар сегіз жасқа дейінге балаларды жаттықтыру үшін арналады. 4 Өлшем Шеңбер ұзындығы 63,5—66 сантиметр, ал массасы 369—425 грамм арасында болады. Бұндай өлшемді доптар мини-футбол, яғни футзал үшін және жасы 12-ге дейінгі балаларды жаттықтыру үшін арналады. 5 Өлшем Бұндай өлшемді доптар ФИФА жалауы астында өтетін дүние жүзінде ұйымдастырылатын барлық ресми жарыстарда қолданылады. 5- өлшемді доптың шеңбер ұзындығы 68—70 сантиметр болса, салмағы 450 граммнан аспайды. Футбол добының өлшедері .
Дереккөздер
Санат:Футбол ережелері