thumb|right|200px|Цинивальдит Цинивальдит (Чехословакия Циновед (Циннвальд) кенінің атымен аталған) — слюдалар тобына жататын минерал. Химия формуласы: KLіFe2+Al3[AlSі3O10](F,OH). Физикалық қасиеттер Моноклиндік сингонияда кристалданады, минералдық агрегаттары қабыршақ, жапырақша тәрізді, түсі күлгін, сарғылт қоңыр, қошқыл жасыл, қара сұр, қара. Қатт. Мосс шкаласы бойынша 2 — 3, тығызд. 2,9 — 3,2 г/см3. Топазды-бериллді пегматиттерде, грейзен типті пневмолиттік-гидротермалдық кендерде топаз, флюорит, вольфрамит, касситерит, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Цинивальдит АҚШ, Канада, Чехословакия және Ресейде (Орал, Шығыс Байкал сырты), Украинада табылған. Қолдану Одан литий алынады. Ciлтемелер : Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Санат:Силикат минералдар Санат:Алюминий минералдары Санат:Литий минералдары Санат:Калий минералдары Санат:Темір минералдары