Василий Иванович ЕфимовГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1917 жылы Ресейде, Ленинград облысы Дрегольск ауданы, Боровата деревнясында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1942 жылы Қазақстанға қоныстанып, Жамбыл ауданы ( Алматы облысы), "Новая жизнь" ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. 1946 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болып тағайындалады. 1947 жылы оның звеносы 40 гектар күздік бидай алқабының әр гектарынан 30,3 ц өнім жинайды. Өнімнің мол болып, жоғарғы көрсеткішке жету - звеношының бригада жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуі мен барлық аграрлық жағдайларды дұрыс және уақытылы жүргізілуінде болды: сүрі жер 20-22 см тереңдікте жыртылды; жаз бойы сүрі жер екі рет адарылып, тырмаланды; әр гектар жер 3-4 тонна жергілікті тыңайтқышпен өңделіп, 2 рет арам шөптен тазартылды; егін комбайнмен, ал түскен масақтар қолмен жиналды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері