Қызылжидек немесе Итбүлдірген () – тұқымдасы Vaccinасае (Вересковые) Вакциниум (Vaccinium) бөлімшесіне жататын биіктігі 15-20см көпжылдық өсімдік, шала бұта. Латынша аты "vitis-idaea" қазақшаға аударғанда "Ид тауындағы жүзім" деген мағынаны білдіеді (Крит аралы). Биологиялық сипаттама Тамырсабағы жіп тәрізді, тамырсабағымен тамырларынан жоғарға қарай 15-20см сабағы көтеріледі. Жапырақтары кезек оналасқан, қысқа сабақты, жұмыртқа пішінді, тегіс, жылтыр, ұзындығы 2-3 см, ені 1,5 см. Гүлдері майда, қос жынысты, ақшылқызыл түсті, 10-20 данадаң өсімдіктің жоғарғы жағында гүлшоғырына жиналған. Көктемнің соңында - жаз басында гүлдейді. Жемісі майда, етжең, түсі қызыл, қар астында көктемге дейін сақталады. Химиялық құрамы Қызылжидектін жапырағы (лат. Folium Vitis idaeae) медицинада дәрі етінде пайдаланады. Қызылжидек құғақ жапырағының құрамында арбутин, фенолгликозидтер, урсол қышқылы бар. Пайдалануы Бүйрек аурулары, ревматизм, подагра, туберкулез ауруларын қарсы қосымша емі ретінде қолданылады.

Жемісінін шырынын гипертонияда, невроз, және жүкті әйелдердің аемиясына қарсы ем болып табылады.

Санат:Көкбұталар