Найманқұлова БазигүлГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Кировск ауданы, "Большевик" колхозының звеношысы (1945). 1921 жылы Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Құлбай-Төлебай ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1942 жылы "Большевик" колхозына жұмысқа кіріп, белсенді колхозшы болады. 1945 жылы оны қызылшашылар тобына звеношы етіп сайлайды: 1946 жылы бригада бір гектарлы болып бекітіліп, ол жерден олар 415 центнер қант қызылшасын алады. Жоғары көрсеткіштері үшін колхоз басқармасы тарапынан 6 рет сыйлықтар беріледі, ал 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1947 жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 531 центнерден, ал 4 гектардың әр гектарынан 807,5 центнерден өнім алады.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" (1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері