Амга - Якутиядағы өзен, Алдан өзенінің сол жағындағы ең ұзын тармағы. thumb|left|Алдан алабы Ұзындығы - 1462 км, алабы - 69300 кm².
Орта жылдық су шығыны - 178m³/сек.
Энергетикалық қуаты - 135 мың квт.
Амга Алдан-Олекма су айырығының солтүстік беткейінен басталып, тар және терең аңғармен ағады. Тау арасындағы жазыққа шыққаннан кейін Тегюльте-Терде ауылы тұсынан төмен қарай аңғар өте кеңейіп, ағысы баяулайды.
Көктемде су молаяды (7 м-ге дейін көтеріледі), жазда су тасқыны жиі болады. Қар, жаңбыр суымен толады.
Қазанның бірінші жартысында қатып, мамырдың ортасында мұзы түседі.
Сағасынан Амга елді мекеніне дейін кеме жүзеді.
Негізгі тармақтары 550 км — Биелиме өзені (оң) 678 км — Борулах өзені (сол) 723 км — Мундуруччу өзені (сол) 787 км — Титиктях өзені (сол) 811 км — Сылгылыр өзені(сол)
Сыртқы сілтемелер
Амга в «Словаре современных географических названий»
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Саха Республикасы өзендері