Бет айғақ (салт). Халықтық құқықтық салтында жоғалған малды, затты тапқан, көрген адамдар сүйінші сұрайтын әдет бар. Мал «зат! Иесі оның сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді. Ал қылмыстық істерде қылмыскерді, ұрыны, тағы басқа жат істерімен жүргендерді ұстаған адамға сүйінші орнына берілетін ынталандыру сыйлығы бар. Оның аты – «бет айғақ!. Мұны «бет айғақ» жасаған адамға бұрынғы билер кеңесінің тәртібі бойынша малдың мүліктің, ақшаның бестен бірі беріледі. Әрине, әлгі адам қылмыскердің іс-әрекетін дәлелдеп, айғақты заттармен, куәлермен оның мойнына қойып беруге міндетті. Бұл істі елдің билері ақсақалдардың қатысуымен шешеді. Шешім сол сәтте орындалады.

Дереккөздер

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж.

2. http://www.koshpendi.kz/index.php/turmysdasturleri/sharuashylyk-dasturler/

3. http://www.egemen.kz/kz/bas-bet/82-zhanalyktar-muragaty/9423-d1-8d-d1-82-d0-bd-d0-be-d0-b3-d1-80-d0-b0-d1-84-d0-b8-d1-8f-d0-bb-d1-8b-d2-9b-d1-8d-d1-82-d1-8e-d0-b4-d1-82-d0-b5-d1-80-2