Бунге хориспасы(крестгүлділер тұқымасы)
Биік тауларға тән мекендеуші тек Алтайды ғана емес,Алтайдан оңтүстікке қарай барлық таулы жүйелерге орналасқан.Бұл түр Қазақстанда кездесетін алты түрдің ішіндегі ең көріктісі.Ірі қиыршық тасты ылғалды жерде және тастақты беткейлерде,альпі көгалдарында кездеседі.Кейде өзен малтатастарымен төмен орман белдеуіне дейін түседі.Бұл жатаған көп жылдық сабағының жоқтығымен(10 см)ерекшеленеді. Сопақ,ірі тісті жапырақтардың розеткасынан бірнеше гүлсидам шығады,олардың бас жақтарында бір-бірден болады.Осылайша барлығы бір қарағанда,жапырақтары әдемі пішінделген гүл шоғына ұқсайды.Гүлдерінің құрылысы кәдімгі крестгүлділерге тән:тостаған жапырақтары және жапырақтары төрттен,аталықтары алтау,екеуі қысқа,аналығы біреу,қысқа.
Дереккөздер:Қазақстанның өсімдіктер энциклопедиясы.