thumb|left|160x160px| Протактиний Pa thumb|72x72px Протактиний (лат. Protactinium; Pa) — Менделеевтің Периодтық кестесінің ІІІ тобының 7 периодына жататын химиялық элемент; актиноидтарға жататын қатты радиоактивті металл. Рет нөмірі – 91, атомдық массасы - 231,03588.

Өте аз таралған элементтердің бірі. Жер қыртысында салмақ мөлшері 1*10−10% шамасында. АҚШ, Швеция, Конго, Испаниия, Чехия, ЮАР, Ресей, Канада,Мароккодағы уран кен орындарында табылады.

1917 ж. бір-біріне байланыссыз Ган мен Мейтнер және Содде мен Кренстон ашты. Актинийдің алдында тұрғаннан кейін оны Протактиний деп атады Физикалық қасиеттері

Протактиний — жылтыр ашық сұр түсті металл, ауада тотығып күнгірттенеді.

Тығыздығы – 15,37 г/см3, балқу температурасы 2113 К, қайнау температурасы 4300 К.

Химикалық қасиеттері Протактиний химиялық қасиеттері аз зерттелген элемент

Қосылыстарында айнымалы +2, +4, +5 валентті.

Қыздырғанда жәй жйне күрделі заттармен әрекеттеседі. Оның сітекті РаН3, оттекті Ра2О5, фторлы РаҒ4, РаҒ5, хлорлы РаСІ4, РаСІ5 бірнеше тұздары және гидрототықтары алынған.

Алынуы Протактиний уран кендері қалдықтарынан алынады, оны жасанды жолмен де синтездейді.

Протактинийді радиометрлік әдіспен анықтайды.

Изотоптары

Массалық саны Жартылай ыдырау мерзімі Ыдырау түрі 224 0,6 с α 225 2,0 с α 226 1,8 с α 227 38,3 мин. α (15%), электронды қармау (85%) 228 22 сағ. α (2%), электронды қармау (98%) 229 1,4 күн α (0,25%), электронды қармау (99%) 230 17 күн β− (10%), электронды қармау (90%), α (0,003%), β+ (0,03%) 231 32480±260 жыл α 232 1,31 күн β− 233 27,4 күн β− 234М (UX2) 1,18 мин. β− 234 (UZ) 6,7 сағ. β− 235 23,7 мин. β− 236 12,5 мин. β− 237 10,5 мин (?)/39 мин. β−

Тағы қараңыз Химиялық элементтер тізімі Химиялық элементтер Қоспалар Шикізат

Сыртқы сілтемелер

Протактиний на Webelements Протактиний в Популярной библиотеке химических элементов

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Химиялық элементтер