Метагонимоз - адам, ит, мысық, түлкі және песец ауруы. Жануарлардың аш ішегінде тоғышарлық ететін Metagonimus jokogowai трематода тудырады. Тоғышар алмұрт формалы, ұзындығы 1-2,5 мм. Аралық иелері - балықтар мен ұлулар. Тоғышардың метацеркариі зақымдынған балықтардың қабыршағында, теріде, желбезек жапырақтарында және жүзбе қанаттарында дамиды. Санитарлық баға - зақымдалған балықтың желбезегін, қанаттарын, қабыршақтарын алып тастайды да қайта өңдеуге жібереді немесе 8-10 күн 18-20°С температурада мұздатады. Зақымдалған балықтарды базарларда сатуға тиым салынады. Зақымдалған балықтың тазалау кезіндегі қалдықтарын қайнату арқылы залалсыздандырып техникалық заттар дайындау үшін қолданады (желім жасайды). Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж
Дереккөздер