Жаппархан Өтеген (18.5. 1938 жылы туған, Сырдария ауданы Коммунизм ұжымшары) – журналист.

ҚазМУ-дың (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факултетін бітірген.

1957 – 1960 жылдары аудан «Коммунизм таңы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,

1962 – 1975 жылдары Қызылорда облыстық радиохабары және телевизия басқармасында редактор, бас редактор,

1975 – 1977 жылдары облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде,

1977 – 2003 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Жезқазған, Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

Өтегеннің 3 сатиралық кітабы жарық көрген («Сол қалта», «Бір қора өсек», «Мінездер»). Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы

Санат:Әдебиет Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері