Жер қойнын геометриялау- пайдалы қазбалардың құрылымдық және сапалық ерекшеліктерін график түрінде өрнектейтін кен геометриясының саласы. Жер қойнын геометриялау пайдалы қазбалардың жер қыртысындағы орналасу қалпын, қорын, негізгі сипаттамаларын, оны қазып алу кезінде туатын әр түрлі процестерді зерттеу және тау-кен, геологиялық барлау ісінің бірқатар мәселелерін шешеді. Жер қойын геометриялау кеннің орналачу қалпын, аумағын т.б. сипаттайтын гипсометриялық план; кен құрамында екздесетін пайдалы және зиянды қоспа мөлшерін 1м2, ауданындағы пайдалы қазба қорын, оның құрамын анықтайтын изосызық; кен қабатының әр жеріндегі қалыңдығын анықтауға мүмкіндік беретін изотереңдік планы деген графиктерден құралады. жер қойнын геометриялаудың ғылми-теориялық негізін жүйелі түрде зерттегген профессор П.к. Соболевский болды. Бұл салада Республикамызда жемісті еңбек еткен ғалымдар- Ж.С. Ержанов, А.Ж. Машано және П.а.Рыжов.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы