thumb|жылқы

Орыстың желісті жылқысы XIX ғасырдың аяғында Рессейде желісті жылқылар жарысы кең өріс алған. Бас пайдасын көздеп, қулығын асырған епті пайда күнемдер ел ішінде желісті жылқыдар тұқымын көбейтуді жақтағасын, ат жарыстарын ұйымдастырған. Оған бәйге тігіп, ұтысқа көп ақша бөлген. Олар ипподромдар мен жылқыларды үйретіп,сынайтын алаңдарды нағыз табыс көзіне айналдырған. Сол кездегі ат жарыстарда бәйгені американдық желгіш аттар алып кетіп жүрген. Шынында американ желісті жылқысы орлов желісті жылқысынан кейінірек шыққан.Оның ешуақытта асыл тұқымдық маңызы да болмаған. Орыстың желісті жылқысы деп аталған жылқының бұл жаңа тұқымы қазір өзінің дене өлшемдері жағынан орлов жылқысына жетіп қалды деуге болады. Орыстың желісті жылқысы тым ұшқыр. Бірқатар желістерде ол орлов жылқысынан да жүйрік екенін көрсетіп, бірнеше рекорд жасады. Мәселен, орыстың желісті жылқысынан шыққан Гибрид (1953 жылы) деген айғыр 1600 метр қашықтықты 2 минутта өтті. Ал Жест деген айғыр бұл рекордты 1 минут 59,6 секундқа жеткізді. Қазіргі кезде 1600 метрге 2 минут 10 секунд көрсеткен 1300-ден астам орыстың желісті жылқысы бар.Осының ішінде 2 минут 0,5 секунд көрсеткен жылқы 50-ге тартады.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы