Қазақстандағы тұз кен орындары - Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол.
Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз қабатының қалыңдығы 2 километрден асады. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса калий сияқты тұздар кездеседі. Сондай – ақ Каспий маңы оойпаты мен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған. Қазақстан мәрмәр, әктас, мергель, бор, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына бай. Бұлардың кен орындары республиканың көп жерінде кездеседі. Құрылыс материалдарының 1500 кен орындары ашылған.География: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. ISBN 978-601-282-561-9
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тұз кен орындары