thumb|left|160px|Электр сызбаларында осылай белгіленеді. thumb|Балқымалы сақтандырғыш thumb|Шамадан тыс ток қабылдағаннан кейін балқып кеткен балқымалы сақтандырғыш

Балқымалы сақтандырғыш (fuse) - ток жүріп тұрған тізбекті қысқа тұйықталудан қорғайтын тетік.

Құрылысы Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады.

Атқаратын жұмысы Оның ауыстыруға болатын балқымалы тетігі токтың белгілі бір шамасына, мысалы, 5 амперге, 10 амперге және т.б. шамаларға төзетіндей болып жасалады. Тізбектегі ток шамасы балқымалы сақтандырғыш арналып жасалған шамадан артқанда, балқымалы тетік балқиды да, өзі қорғап тұрған электр тізбегін ажыратады. Балқымалы сақтандырғыштың ұзындығы өзі "балқыған кезде" пайда болатын электр доғасын сөндіруге жетерлікей болуы керек. Сондықтан, балқымалы сақтандырғышты өзі арналып жасалған ток пен көрнеуге сәйкес тізбектерде ғана пайдаланған жөнҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Балқымалы сақтандырғыштың түрлері

Дереккөздер

Санат:электр