Қызыл суыр () — суыр туысына_ жататын тышқан.
Дене тұрқы 426—570 мм, құйрығының ұз. 162—215 мм, салм. 4,5—5,2 кг. Сарғыш қызыл немесе қызыл қоңыр түсті. Тұмсығы мен аузының айналасында қара теңбілі бар. Қыста үзақ (7—8 ай) ұйқыға жатады, сәуір—майда балаланды. Ініп 2—3 м тереңдікке қазады. Қызыл суырдың 10 шақтысы бір інде қыстайды. 3 жылда жьгаысы жетілуіне байланысты, жаңа жұп құрып, жаңа ін қазады. Қызыл суыр Орта Азияның оңтүстігінде, Памирде, Қырғыз Алатауында кездеседі. Терісі бағалы, жайылымға, шалғынға аздағап зиян келтіреді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Суырлар