Артур Джеймс Бальфур, 1-ші граф Бальфур (, 25 шілде 1848 — 19 наурыз 1930) - ағылшын мемлекеттік қайраткері, 1922 жылдан лорд, Консерватив партия басшыларының бірі.
1887-91 ж. Ирландия істері жөніндегі министр. 1891-92, 1895-1902 ж. қаржы министрі. 1902-05 ж. премьер-министр.
Бальфур үкіметі 1904-05 жылға орыс-жапон соғысында Жапонияны қолдады, Антантаның негізіне айналған Франциямен келісім жасасты (1904). 1915-16 ж. Бальфур - теңіз министрі, 1916-19 ж. сыртқы істер министрі. 1918 ж. Кеңес Одағына қарсы интервенцияны жүзеге асыруға белсене қатысты. 1919-22, 1925-29 ж. үкімет құрамына енді. 1921-22 ж. Вашингтон конференциясында ағылшын делегациясын басқардыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Ұлы Британия