Бауыржан Момышұлы ауылы (1992 жылға дейін — Бурное)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы (1936 жылдан).
Географиялық орны Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 69 км жерде, Теріс өзенінің (Аса өзенінің саласы) оң жағалауында, солтүстікте Қаратау, батыста Боралдай, оңтүстік-шығыста Талас Алатауының түйіскен жерінде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1916 жылы Арыс – Әулиеата темір жолын салуға байланысты қаланған.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен12491 15284 122,4 6068 7605 125,3 6423 7679 119,6
Кәсіпорындары Бауыржан Момышұлы ауылында сыра зауыты, баспахана, диірмен, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, май және нан зауыттары, жүн иіру және жіп тоқу фабрикасы, астық қабылдау пункті, мал емдеу пункті жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Аурухана, емхана, тубдиспансер, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, мәдениет үйі, стадион, кинотеатр, қонақ үйі, орта мектептер, музыка және спорт мектептері, балабақшалар, т.б. мекемелер бар.
Ауыл 1993 жылдан Бауыржан Момышұлы аталады. 1995 жылы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының мемориалдық ескерткіші мен мұражайы ашылған. Ауыл үстімен Алматы – Ташкент автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері