Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius — ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады. Волонтерлік (ерікті) қызмет: Ағаш, өсімдіктер, көгалдар, түптерді отырғызып, өсіру; Азаматтардың мынадай сияқты әлеуметтік санаттарына көмек: егде адамдар, қамқорсыз бала-шағалар, баспанасыз адамдар, жастар, студенттер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), бұрынғы тұтқындар, т.б; Жануарларға көмек, қорықтар мен хайуанаттар саябағына ерікті көмек; Ауланы, телімдерді, қалалық көшелерді абаттандыру; Салауатты өмір салтын насихаттау; Экологияны жақсарту: қоқыстарды жинау, сенбіліктерді ұйымдастыру т.б; Қайрымдылық концеттері мен театр қойылымдары; Нашақорлық, СПИД, жасөспірімнің айыпкерлігін алдын алуға арналған оқтаулы әңгімелерін жүргізу;

Волонтердің еңбегі ақысыз. Волонтерлер – тек альтруистер емес, олар тәжиребе алу үшін, дағдыларды және білімдерді арттыру үшін, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік қызмет – төленетін жұмысқа жол салады, бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады.

Санат:Еңбек