Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров (1956 жыл Алматы облысы Көксу ауданы Куйбышев ұжымшары - 13 қазан 2015 жыл, Алматы) - Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1979-1993 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Алматы гортеплокомэнерго» партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары – Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2011 жылдары – Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі. 2011-2012 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Марапаттары «Құрмет» ордені «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» «50 лет Целине» «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Мәжіліс депутаты Сәкен Жылқайдаров өмірден өтті Отбасылық жағдайы Үйленген, үш баласы және алты немересі бар.
Дереккөздер
Санат:1956 жылы туғандар Санат:Көксу ауданында туғандар Санат:13 қазанда қайтыс болғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Талдықорған әкімдері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері