Хасан Мирфаизов (1 мамыр, 1917 жыл, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1985).
Өмірбаяны Саратов мемлекеттік университетін (1940) бітірген.
Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1960) бітірген.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Қазақ КСР-і Халық ағарту комиссариаты мекемелерінде, тұрмыстық химия зауытында инженер (1947–57)
Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында кіші ғылыми қызметкер (1957–63)
Қазақ химия-технология институтында (Шымкент) кафедра меңгерушісі (1964) қызметтерін атқарған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1 мамырда туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:Қарқаралыда туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары