Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбілов — 1982 жылғы 14 шілдеде Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген. "Музарт" тобының әншісі.

Сылдырмақта (Бубин) ойнайды. Отбасындағы 18 баланың кенжесі.

Қызметі 2005 жылы «МузАРТ» тобының құрамына Мақсат Базарбаевтің орнына келді. Топ мүшелері — «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаттары және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері.

Марапаттары 2006 жыл — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы («Эстрада» номинациясы, «Музарт» тобының құрамында). 2026 жылғы маусымда «Құрмет» орденімен марапатталды (қазақ өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі, шығармашылық саладағы жоғары нәтижелері мен мәдениет саласындағы еңбегі үшін); наградаларды 11 маусымда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов тапсырды.

Дереккөздер

Санат:1982 жылы туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Созақ ауданында туғандар