Тит Макций Плавт (Titus Maccius Plautus ; б.з.б. 3 ғ. ортасы, Сарсина, Умбрия,—184 ж. ш., Рим) — римдік комедияшы. Паллиатаның (рим комедиясы) атақты шебері.H.M. Tolliver. "Plautus and the State Gods of Rome", The Classical Journal 48.2(1952), pp. 49-57. Сахнада қимылды молайту үшін контаминацияны (текстерді шоғырландыру) қолданды («Мақтаншақ сарбаз» т.б.). Плавт пьесалары көне халық театрына жақын, маска киіп ойнауға лайықты («Есектер» т.б.) шешен диалогқа, арияларға, күлкіге құрылып жазылған. Грек және Рим тұрмысын, құлдар өмірін шебер суреттеп, ескі грек, рим ғұрпын күлкі етеді («Елес», «Вакхидтар» т.б.) Плавт күлдіргі сөздің асқан шебері болған.M. Marples. “Plautus,” Greece & Rome 8.22(1938), p. 1.

Дереккөздер

Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:Б. з. д. 184 жылы қайтыс болғандар Санат:Ежелгі Рим драматургтары