Шамұратова Айымхан Тұрымбетқызы (5.06.1917 зк. Көңлікөл аулы, қазіргі Қанлыкөл ауданы) — қарақалпақ кеңес актрисасы, әнші, КСРО халық әртісі (1968).
Мәскеу консерваториясында оқыған. Сахналық қызметін 1930 жылы Қоңыраттағы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932–1939 жылдары және 1956 жылдан Қарақалпақтың К.С. Станиславский атындағы драма және музыкалы комедия театрында актриса. Оның репертуарында қарақалпақ, өзбек т.б. халық әндері бар. Ойнаған негізгі рольдері: Айсара (Яшен мен Мұхаммедовтің «Гүлсарасында»), Раушан (Аймұрзаев пен Алланазаровтың осы аттас пьесасында), Айбике (Ходжаниязовтың «Талуасында»), Толғанай (Айтматовтың «Ана—Жер-Анасында») т. б. 4- және 7-сайл. Қарақалпақ АССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 орденмен және медальдармен марапатталған.Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1917 жылы туғандар Санат:Қарақалпақстан әншілері Санат:КСРО халық әртістері