Қоңырадыр – Балқаш көлінің солтүстік–батыс бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты темір жол стансасының оңтүстігінде 63 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 475 м. Салыстырмалы биіктігі – 25 метр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км–ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Қамысқұдық, оңтүстігінде Тұздықұдық құдықтары, батысында Кеңаңғар қонысы, шығысында Науалы аңғары бар.
Өсімдігі Бозғылт сұр, сортаң топырақ жамылғысында селеу, жусан, кермек, көкпек және тағы да басқа өсімдіктер өседі."Атамекен" географиялық энциклопедиясы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары