Қарасиыр, Қарасуыр – Ащымиір алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 341 км2.

Бастауы Бастауын Ұлытау тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Ащымиір өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Жағасы жарқабақты, аңғары кең. Қар және жер асты суларымен толығады. Көктемде суы тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,16 м3/с. Кішігірім 2 саласы бар, төменгі ағысында шаруашылық мақсатында бөген салынған. Өзеннің жоғарғы ағысындағы аңғарында Саз, Жарқұдық, т.б. тұщы сулы құдықтар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады. Алабы - жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері