Майөзек, Қайнар – Ащысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 33 км.
Бастауы Бастауын Жуантөбе тауының шығыс баурайындағы бұлақтардан алып, Жаңатілек ауылынан төменде Тұз көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғарының басым бөлігі сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Жағалауы жарлауытты, сағасы батпақты. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Сағасы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы өзендері