Нестор Михайлович Малеча (1887 жыл, Украина, Брянск облысы, Чернягов губерниясы - 1979) - ғалым, этнограф, Украина ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Өмірбаяны Діни семинарияда, кейіннен гимназияда оқыған. 1905 жылы Санкт-Петербург Жоғары педагогикалық институтының курс студенті. 1930 жылы Батыс Қазақстанға жер аударылады. 1935 жылы Орал қаласында Шевченконың «Оралдың өлкентанушы казагы Н.Савичьев портреті» атты суретінің түпнұсқасын табады. Орал қаласындағы 6-мектепті ұйымдастырушылардың бірі. 1939 жылы Орал педагогикалық институтында сабақ берген. Нестор Малеча География қоғамы Батыс Қазақстан бөлімінің негізін қалаушы. «Жайық өзені орта және төменгі ағысында орналасқан орыс халқының говорлар сөздегі (Жайық казактарының диалектісі)» атты еңбегі 4 томнан тұрады.Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0

Дереккөздер

Санат:Ғалымдар Санат:Географтар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:Тарих Санат:1887 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар