Қарғалы, Жақсы Қарғалы – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Алға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 114 км, су жиналатын алабы 5130 км2.

Бастауы Қарғалы Жылантау етегіндегі бұлақтардан бастау алатын Қуағаш, Көкпекті өзендерінің қосылуынан пайда болған. Ақтөбе қаласы тұсында Елек өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғарғы ағысында 0,2-0,3 км, қалған бөлігінде 1-1,2 км. Жайылмасының ені жоғарғы ағысында 10-15 м, орта ағысында 40-60 м, төменгі ағысында 60-100 м. Арнасы ирелең, айқын қалыптасқан, ені жоғарғы ағысында 20-50 м, төменгі ағысында 80-200 м, сағасына жақын жерде 40-60 м. Көп жылдық орташа су ағымы Жаман Қарғалы өзені сағасында 9,18 м3/с, Питомник ауылы тұсында 12,2 м3/с.

Шаруашылықтағы қолданысы Өзен бойында бұталы шалғын, кей жерлдерде бау-бақша өсіріледі. Суы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, егін, бау-бақша, мал суаруға пайдаланылады. Өзен балыққа бай.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Алға ауданы өзендері