Даниэл Алвес да Силва (; , Жуазейру, Баия) — оң қапталдағы қорғаныс шебіндегі бразилиялық ойыншы. Қазіргі таңда "Барселона" футбол клубының сапында және Бразилияның ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

Клубтық мансабы Барселона 2008 жылы 7 маусым күні Дани "Барселона" клубымен 5 жылдық келісімшартқа тұрады. "Барселона" Даниель үшін 35,5 млн еуро төлейді. "Барселона" сапына ол "Милан" сапына кеткен Джанлука Дзамброттаның орнына келеді.

2009/10 маусымында Мартин Касерес италияндық "Ювентус" сапына кеткен соң Дани Алвес өзіне 2-ші нөмірді алады, ал 2013/14 маусымда Дани Эрик Абидальдың құрметіне 22-ші нөмірді тандайды.

Дани Алвес "Барселона" сапында үздік ойын өнерін көрсетеді. Дани стандартық жағдайларды және алыстан соққы беруді жақсы көреді. Сонымен қатар Алвес шабуылдарғада жиі қатысады.

Дани Алвестың голдары 2011 жылы 29 қазан күні Дани "Мальорка" клубының қақпасына 28 метрден керемет гол соғады. 2012 жылы 25 қаңтар күні Дани Алвес мадридтық "Реал" командасының қақпасына шешуші гол соғады. Дани соққан голдың арқасында "Барселона" жеңіске жетіп Испания кубогының келесі кезеңіне өтеді.

2013/14 маусымында Чемпиондар лигасында Дани Алвес "Манчестер Сити" командасымен 2 кездесуде 2 гол соғады.

Ұлттық мансабы Ұлттық құраманың сапында Дани ең алғаш "Кувейт" командасына қарсы шығады. 2007 жылы 15 шілде күні Дани Алвес "Аргентина" командасының қақпасына шешуші гол соғып өз командасына Америка Кубогын алып келеді.

Жетістіктері

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Бразилия Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары