Матьяш I Корвин, немесе Матьяш Хуньяди (мажар: Hunyadi Mátyás, румын: Matei Corvin, хорват: Matija/Matijaš Korvin, словак: Matej Korvín, чех: Matyáš Korvín; 23 ақпан 1443 — 6 сәуір 1490) — 1458-90 жылдардағы Мажар патша. Ұсақ және орта феодалдар мен қалаларға иек артып, елді бір орталыққа бағындыру саясатын жүргізді, тұрақты әскер құрды. Венгрия тәуелсіздігіне қауіп төндіріп келген Осман империясына тойтарыс берді. 1468 жылы Чехияға қарсы соғыс ашып, Моравияны, Силезияны қосып алды. 1485 жылы Венаға ие болды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер