Дайан Китон (; шын аты — Дайан Холл, ; 5 қаңтар, 1946 жыл, Лос Анжелес, Калифорния – 11 қазан 2025, Калифорния) — америкалық актриса, продюсер, режиссер. «Энни Холл» фильміндегі рөлі үшін Оскар сыйлығы, Алтын глобус пен BAFTA сыйлықтарын, «Ережеге сай мен ережесіз махаббат» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» жүлделерінің номинанты атанған. Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әке» және Вуди Алленнің көптеген фильміндерінде түсіп, шет елге танымал атанған.

Өмірбаяны Өзінің анасының тегін лақап ат ретінде алған. 1969 жылы «Шаш» қойылымында сахнаға шығады. Сол кезде Вуди Алленмен көпжылдық жұмысы басталады. Алленмен қоштасқан соң, Китон Уоррен Биттимен жақындасады. Екеуі бірігіп, «Қызылдар» (1981) тарихи фильмінің жұмысын жасайды. Осы фильм мен «Марвин бөлмесі» (1996) «Ережеге сай мен ережесіз махаббат», «Твин Пикс», «Піл» фильмдері үшін тағы Оскар сыйлығы мен «Алтын пальма бұтағы» жүлдесінің номинанты атанған. 2006 жылдан «L'Oreal» фирмасының бет-бейнесі атанады.

Өз өмірі Дайан Китон ешқашан күйеуге тимеген. Оның екі асыранда балалары бар: Декстер атты қызы (1996 жылы туған) мен Дюк атты ұлы (2001 жылы туған).

Таңдаулы фильмографиясы Жылы Атауы Ағылшынша атауы Рөлі1972 Өкіл әке The Godfather Кей Адамс 1973 Ұйықтаушы Sleeper Луна Шлоссер 1974 Өкіл әке 2 Godfather II Кей Адамс 1975 Махаббат пен өлім Love and Death Соня 1977 Мистер Гудбарды іздеу Looking for Mr.Goodbar Тереза Данн 1977 Энни Холл Annie Hall Энни Холл 1978 Интерьерлер Interiors Рената 1979 Манхэттен Manhattan Мэри Уилки 1981 Қызылдар Reds Луиза Брайант 1984 Миссис Соффель Mrs. Soffel Кейт Соффел 1987 Радио күндері Radio Days жаңа жылдық кештегі әнші 1987 Бейби-Бум Baby Boom J.C. Wiatt 1990 Өкіл әке 3 Godfather III Кей Адамс 1991 Қалыңдық әкесі Father of the Bride Нина Бенкс 1993 Манхэттендегі өлтіру жұмбағы Manhattan Murder Mystery Кэрол Липтон 1994 Амелия Эрхарт: Соңғы шайқас Amelia Earhart: The Final Flight Амелия Эрхарт 1995 Қалыңдық әкесі 2 Father of the Bride Part 2 Нина Бенкс 1996 Бірінші әйелдер клубы The First Wives Club Энни 1996 Марвинның бөлмесі Marvin's Room Бесси 2001 Қала & Ауыл Town & Country Элли Стоддард 2003 Бірнәрсе бермек Something's Gotta Give Эрика Барри 2005 Әулет тасы The Family Stone Сибил Стоун 2007 Өйткені солай дедім Because I Said So Дафни Вайлдер 2008 Жынды ақша Mad Money Бриджет Кардиган 2010 Таң даңқы Morning Glory тележүргізуші Колин Пек 2012 Ең жақын дос Darling Companion Бет 2013 Үлкен той The Big Wedding Элли Гриффин 2013 Міне ол And So It Goes Лея 2016 Дориді табу Finding Dory Дженни

Сыртқы сілтемелер Дайан Китон Дайан Китон

Дереккөздер

Санат:АҚШ продюсерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Үздік актриса үшін Оскар сыйлығының иегерлері