Вэньчан () — қытайдың Хайнань провинциясындағы қала.
1999 жылы қала тұрғындарының саны 86 551 болса, 2006 жылы 115000 адамға жеткен. 2009 жылғы деректерге сүйенетін болсақ, Вэньчан жанынан атаулас ғарыш айлағының құрылысы жүріп жатыр.
Қала экваторға жақын орналасқан. Вэньчанның жағажайлары қала тұрғындары мен кайтсерфер сүюші қонақтар арасында өте танымал.
Келешек ғарыш орталығы 20 км² (бірінші кезек), 30 км² (екінші кезек) жерді алғалы жатыр.
Сонымен қатар, қалада ракеталардың ұшырылуын тамашалауға арналған 407 га жерге ғарыштық парк ашылуы жоспарлануда.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қаланың ресми сайты www.chinashao.com қала сайтта
Санат:Хайнань провинциясы қалалары