Женни Маркс (, урожд. Женни фон Вестфален (); 12 ақпан 1814, Зальцведель — 2 желтоқсан 1881, Лондон) — К. Маркстың жұбайы, досы және көмекшісі. Өзі туып өскен ақсүйек отбасыдан қол үзіп, 1843 жылы Карл Маркске тұрмысқа шықты. Женни Карл Маркстың қолжазбаларын баспаға ұсыну үшін қайта көшіріп, халықаралық жұмысшы қозғалысының бірқатар қайраткерлерімен хат жазысып тұрды. Қуғынға ұшыраған Маркстер отбасының эмиграциядағы ауыртпалығын қажырлықпен көтерді.
Дереккөздер
Санат:Карл Маркс Санат:Ұлыбритания социалистері