Ги Молле () (31 желтоқсан 1905 жыл, Флер, Орн департаменты — 3 қазан 1975 жыл, Париж) — француз саясаткер және мемлекеттік қайраткер, 1 ақпан 1956 жылынан 21 мамыр 1957 жылына дейін Франция премьер-министрі бола отырып Төртінші Француз Республикасының министрлер кабинетін басқарған.
1923 жылдан Француз социалистік Партиясының (ФСП) функционері. 1946 жылдан Ұлттық жиналыстың депутаты. 1946–69 ж. ФСП-ның бас хатшысы, 1951–69 ж. Социалисттік интернационалдың вице-төрағасы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. 1954–1956 ж. Еуропа одағы консультативтік ассамблеясының председателі. 1956 жылы Француз үкіметін басқарды. Молле үкіметінің Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль арандатушылығына (1956) қатысуы, Алжирдегі отаршылдық соғыстары демократиялық күштер арасында жік туғызды. 1963 жылы Кеңес Одағына келіп қайтты. Молле Демократиялық Және социалисттік солшыл күштер федерасиясын құруға қолғабыс жасады (1965).Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Франция премьер-министрлері Санат:Социалисттік интернационал Санат:Төртінші Француз Республикасы