Серғазин Айтқазы (07.12.1918 жылы туған, Семей облысында, Шұбартау ауданы, 10-ауыл) – қазақ совет радиологы, медицина ғылымының докторы (1967), профессор (1968).
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1953 жылдан КОКП мүшесі. Алматы педагокилақ институтын бітірді (1942). Ол Ұлы Отан соғысына қатысты (1942-1945). Балқаш, Іле ауданындағы ауруханасында бас дәрігер (1946-1949), қазақ т.ж. басқармасының Үштөбе поликлиникасының және Шымбұлақ балалар санаторийінің бас дәрігері (1949-1954), Алматы мед. Институтының рентгенология және радиология кафедрасының ассистенті (1955-1957), Қазақ т.ж. басқармасының орталық ауруханасының бас дәрігері (1957-1961), ал 1961 жылдан Алматы мед. Институты рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі. Оның 60-тан астам ғылыми еңбектері мен бір монографиясы бар. Қазақстан рентгенолог және радиологтар ғылыми қоғамы председателінің орынбасары. Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Санат:Қазақстан медиктері