Маржанағаш - бұршақ тұқымдасына жататын ағаш. Діңі, бұтағы тікенді болып келеді. Үш құлақты жапырағы жыл сайын түседі. Гүл шоғыры саусақ салалы. Гүлі қызыл, ұзындығы 5 см. Жемісі - маржан тәрізді ашық қызыл тұқымша. Маржанағаш тропиктен тараған. Ауа райы жылы жерлерде әсемдік үшін өсіріледі, Бразилияда Марданағашының қабығынан медицинада дәрі алынады. Америкада Маржанағаш тез өсетіндіктен кофе, какао плантациясында егіледі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:География Санат:Табиғат