Мамай – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ағынсыз көл.

Гидрографикасы Ауданы 41 - 44,5 км2- ге дейін өзгереді. Ұзындығы 8,5 км, ені 7,9 км. Орташа тереңдігі 1,6 м. Көл аласа төбешіктер арасындағы қазан шұңқырда. Жағасы көбіне жайпақ, тек оңтүстік-шығыс бөлігі тік жар. Мамайдың Тәттімбек өзені құйған тұсында кішігірім бірнеше құм қайраң бар. Түбі жатық, шөккен лайдың қалыңдығы 1 м-ге жетеді. Суының түсі жасыл, ащы, тек мал суарылады. Көлдің сотүстігінде Мамай ауылы орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы көлдері