Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов (16.1. 1956 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Амансай ауылы) – қоғам қайраткері. Жамбыл педагогика институтын (1977), Алматы халық ш. институтын (1986) бітірген.

Қаңлы руынан шыққан. 1977 – 78 жылы Жуалы ауданында мектеп мұғалімі 1978 – 81 жылы Жуалы ауданы комсомол к-тінде нұсқаушы, бірінші хатшы 1981 – 87 жылы Жамбыл облысы комсомол к-тінің хатшысы 1987 – 88 жылы Мойынқұм ауданы партия к-тінің хатшысы 1988 – 91 жылы Мойынқұм ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің жетекші маманы 1991 – 92 жылы облысы агроөнеркәсіп кешенінің бөлім бастығы 1992 – 93 жылы облыс әкімшіліктің сыртқы экономика байланыс бөлімінің бастығы, агроөнеркәсіп салаларын дамыту бөлімінің кеңесшісі 1993 – 94 жылы «Тараз» сыртқы экономика ассоциациясы бас директорының орынбасары 1994 – 97 жылы «Арнабол» ЖШС директоры 1997 – 99 жылы облысы халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды 1999 -2004 жылы Сарысу ауданының әкімі 2004 жылдан кейін Жуалы ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:1956 жылы туғандар Санат:Жамбыл облысында туғандар Санат:Жамбыл облысы тұлғалары