thumb|right|300px|Аңшы тұмандығындағы арғаспан денелері Арғаспан денелері (Deep sky object, DSО) толық сөз: "арғы аспан денелері", — белгілі бір аспан денелерін көрсететін астрономиялық арнаулы атау. Ол аспанда күн жүйесі (күн, ай, ғаламшар, коммета, серік жұлдыз) және басқа да жеке тұрақты жұлдыздардан басқа аспан денелерін көрсетеді.Fred Schaaf, 40 nights to knowing the sky: a night-by-night skywatching primer, page 113Ian Ridpath, The illustrated encyclopedia of the universe, page 273Grant Privett, Paul Parsons, The deep-sky observer's year, page 11 Олардың ішіндегі біршама жарығырақтары, мысалы Андромеда Галактикасы (М31), немесе Аңшы шоқжұлдызындағы М42 тұмандығы қатарлыларды айтпағанда, олар жай көзге көріне бермейді. Сондай арғы аспандағы нысандардан кезекте неше жүздегені байқалды және зерттелу үстінде. ХVIIIғ. француз астрономы Шарль Мессье́ құрастырған «Тұмандықтар, галактикалар, үйіржұлдыздар каталогында» көптеген астрономиялық нысандарды тіркеді.Rocky Kolb, Blind watchers of the sky, page 174Sky and telescope, Volumes 1-2Fred Schaaf, 40 nights to knowing the sky: a night-by-night skywatching primer, page 13 Ғарыш телескобының дамуына ілесіп, арғаспан денелері үздіксіз байқалуда және олардың қасиеті туралы жаңа деректер қолға түсуде.Rocky Kolb, Blind watchers of the sky, page 174 thumb|right|300px|Арғаспан денесі: Жылан шоқжұлдызындағы ғажайып галактика ESO 510-G13, жерден 170 млн жарық жылы қашықтықта, диаметрі 10 жарық жылыRajiv Gupta, Observer's Handbook 2005, page 73.
Арғаспан денелерінің негізгілеріW. H. Finlay, Concise catalog of deep-sky objects, introduction Үйіржұлдыз Тарқақ үйіржұлдыз Шар тәрізді үйіржұлдыз Тұмандық Жарқын тұмандық Эмиссионды тұмандық Рефлексті тұмандық Ғаламатжұлдыз қалдығы Күңгірт тұмандық Ғаламшар тұмандық Галактика
Арғаспан каталогтері Арғаспан денелеріне араналған бірнеше каталог бар: 110 арғаспан денесін тіркеген Мессье́ каталогі болса, ал тіпті де толық тіркеген жаңа каталогте 8000 шамасында арғаспан денесі бар. Кейбір өңірде Мессье марафон жарысы өткізіледі: қатысушылар жарым түнде 110 Мессье аспан денесін табуы керек. Ал, Упсала галактикалар жиынтық кесте, сосын 400 ге жуық арғаспан денесін тіркеген Гершель каталогі дегендердің де маңызы зор.Fred Schaaf, 40 nights to knowing the sky: a night-by-night skywatching primer, page 13
Дереккөздер
Санат:Галактикалар Санат:Жұлдыздар Санат:Шоқжұлдыздар