Құдаяр – Ақшатау жотасының шығысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Дөненбай ауылының солтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1000 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі тік, тізбектелген жалды шоқылардан тұрады. Солтүстігінен Сарыбұлақ, оңтүстігінен Қалғұтты өзендері ағып өтеді. Батысында Алдаберген, шығысында Ақши қыстаулары бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары