Август Вейсман (17.01.1834, Майндегі Франкфурт, - 05.11.1914, Фрейбург) - зоолог және эволюциялық ілім теоритигі. Неодарвинизмнің негіщін салушы. Оның еретектегі еңбектері ет ткані гистологиясын, жәндіктердің дамуын, т.б. зерттеуге арналған. 60 жылдардың аяғында Ч.Дарвин ілімін жақтап, оны ілгері дамытушылардың бірі болды. Ол тіршілік құбылыстарын зерттеуде материалистік көзқарасты қуаттап, витализм мен ламаркизмге қарсы шықты. Вейсманның организмнің жеке дамуы жөніндегі теориясының аздаған кемшіліктері болғанымен, негізінен қазіргі ғылыми түсініктерге толық сәкес келеді. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1834 жылы туғандар Санат:1914 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия тұлғалары