Эрнст Генрих Вебер (24 маусым 1795, Виттенберг - 26 қаңтар 1878, Лейпциг) - неміс анатомы және психофизиологы.

Өмірбаяны Лейциг университетінің профессоры Вебердің негізгі еңбектері сезгіштік мәселелерін зерттеуге (негізінен тері мен бұлшық ет) арналған. Ол сыртқы тітіркендіргіштің сезім мүшесіне әсер ету күші мен түйсік күшінің арасында заңды байланыс барлығын ашты, (қараңыз: Вебер-Фехнер заңы).

Вебердің еңбектері эксперименттік психология бастамасы болды. Ол психикалық құбылыстың сыртқы тітіркендіргіштерден тәуелділігін жоққа шығаратын "сезім мүшелерінің арнайы энергиясы" деген принципті қатты сынға алды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:24 шілдеде туғандар Санат:1795 жылы туғандар Санат:Виттенбергте туғандар Санат:26 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1878 жылы қайтыс болғандар Санат:Лейпцигте қайтыс болғандар Санат:Германия физиологтары Санат:Германия психологтары Санат:Германия анатомдары Санат:Лейпцигтің құрметті азаматтары Санат:Лейпциг университеті ректорлары