Тоғыз немесе Тоғыз айыбы - қазақ дәстүріндегі сыйлық немесе айып өлшемдерінің бір түрі.
Ел арасындағы дүбірлі жиентойда, түрлі дау шарда бір тоғыздан үш тоғызға дейін тоғыз айыбы берілетін болған. Тоғыз айыбы түйе бестаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған сегіз ұсақ мал, құндыз бастаған сегіз сом күміс ақша болып белгіленген. Қыз- жігіттердіңө өзара айтысында да жеңілген жақ жеңгендерге сақина, жүзік, ормамал бастаған тоғыз айыбын берген. Ұзатылған қалындық жастауына да шапан, ішік, көйлек, бешпет, блезік, т.б. бұйымдар тоғыздан берілетін болған. Тоғыз саны ислам дініне байланысты (Алланың тоқсан тоғыз есімі, Алланың адамды тоғыз ай, тоғыз күндк жарық дүниеге келтіруі, т.б.) алынса керек.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том
Тоғыз беру үйлену салтындағы жоралғы. "Құда болдық" деп тоғыз апарған. Тоғыз айып-анжыға беріледі (құн төлеу, әр түрлі айып төлеу т.б). Тоғыз бас бәйгеге тігіледі (ат жарыс, балуан күрес, сүре айтыс т.б).
Тоғыз берудің шарты бойынша тоғыздың құрамында тоғыз түрлі зат болуы қажет. Осыған байланысты "тоғыз" үш топқа бөлінеді. Бас тоғыз: түйе бастаған тоғыз түйе, құлынды бие, қос ат, жамбы, жағалы киім, тұтас құндыз, қылыш т.б. Орта тоғыз: бие бастаған тоғыз мал және әртүрлі бұйымдар. Аяқ тоғыз: бұзаулы сиыр бастаған тоғыз тайынша, қозылы қой және басқа бұйымдар.
Әр тоғыз өз ішінде екі топқа бөлінеді: тірі тоғыз (түйе, бие, бұзаулы сиыр, қозылы қой т.б) өлі тоғыз (жамбы, кілем, ішік т.б).Дәстүріңді сақтай біл. М. Рүстемов. Шымкент қ, облыстық баспахана. 1993 ж. Үшінші кітап.
Дереккөздер
Санат:Қазақ салт-дәстүрлері