Күшейткіш үстеу — сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтіліп шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса маңызды, орасан зор және тағы басқалары. Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп қалай? деген сұраққа жауап береді. Ол қимылдың сипатын күшейтіп не солғытып көрсетеді. Мысалы: мүлде білмейді, әбден шаршаған, сәл ауырады, керемет сөйледі және тағы басқалары. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді. Дереккөздер Қазақ тілі кітабынан, 6 сынып , 148 бет
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Күшейткіш үстеу · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.